jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астана мектебіндегі кептеліс: директор қызметтен кетті

    Астана мектебіндегі кептеліс
    Астана мектебіндегі кептеліс. Кадр: "Астана" телеарнасы

    Елорда мектептерінің бірінде киім ілетін орынға бір мезетте барған оқушылар кептеліп қалды. Видео әлеуметтік желіде тарады. Аталған жайтқа қалалық білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Астана қаласы білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты шара қабылданғанын хабарлады. Жауапты тұлғалар жазаланып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ал оқушылардың зардап шеккені туралы ақпараттың  шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

    "Бейнебақылау камераларды зерттеу нәтижесінде оқушылардың есінен талып қалғаны туралы ақпарат расталмады.

    Қазіргі таңда мектепте кезекшілік шаралары күшейтілді. Оқушылардың қауіпсіз қозғалысына байланысты қосымша шаралар қабылданды.

    Оқиғаға байлансты мектеп басшысы атқарып отырған қызметінен босатылды", - дейді Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.

    Астана мектебіндегі кептеліс: директор қызметтен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram