jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте айналымы 3 млрд теңгеден асатын заңсыз бизнес жойылды (видео)

    Тергеу әрекеттері
    Тергеу әрекеттері. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болатын екі онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды. Іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті "Bingo-37 "және "Lotoboom" онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтаған.

    "Ықтималды ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберілген. Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған", - делінген хабарламада.

    ҚМА-ның мәліметінше, ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңге болған.

    "Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар.

    Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкентте айналымы 3 млрд теңгеден асатын заңсыз бизнес жойылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram