jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    кісен
    Кісен. Көрнекі фото: SimonSkafar/Getty Images

    7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен қаза тапқан ерлі-зайыптының 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

    Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram