jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада Telegram желісі арқылы қыз болып танысып, адам ұрлағандар сотталды

    Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам
    Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астананың үш тұрғыны Telegram мессенджерінде қыздардың атынан ашылған жалған аккаунттар арқылы ер адамдарды кездесуге шақырып, оларды бопсалаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Астананың үш тұрғыны адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Олар Telegram мессенджерінде жалған аккаунттарды пайдаланып, ер адамдарды кездесуге қыз ретінде алдап шақырып, одан кейін оларды қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан.

    "Олар бопсалау арқылы үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 млн теңгені иемденген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Астанада Telegram желісі арқылы қыз болып танысып, адам ұрлағандар сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram