jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қолға ілінген ыдыс-аяқты лақтырған": Алматыдағы кафелердің бірінде екі әйел төбелесіп қалды (видео)

    Кафеге келген арасында төбелес шықты
    Кафеге келген арасында төбелес шықты. Кадр: instagram.com/almaty.police

    Алматыдағы кафелердің бірінде әйелдер арасында төбелес болды. Қатысушылардың бірі басынан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданындағы Солтүстік айналым көшесінде орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болды.

    "Отырыс төбелеспен аяқталды. Сөз таластыру аз уақытта төбелеске ұласып, тіпті қолға ілінген ыдыс-аяқты да лақтырған. Келушілер арасында жанжал туындап, нәтижесінде әйелдердің бірі басынан жарақат алды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.

    Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізді. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    "Қолға ілінген ыдыс-аяқты лақтырған": Алматыдағы кафелердің бірінде екі әйел төбелесіп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram