jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жағдайы ауыр": Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті кезінде 18 жастағы қыз зардап шекті

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

    Желіде Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концертінен кейін адамдар кептеліп қалып, жүздеген адам зардап шеккені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл дерекке қатысты денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Threads желісінде @vengeance.ve есімді қолданушы кеше Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертіне оның үлкен қыздары ерікті ретінде барғанын жазған.

    "Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті өте нашар ұйымдастырылған. Шараға 18:00-де (19:00-же басталуы керек болған), бірақ ақыр соңында кептеліп, 2 сағат тұрдық. Ұйымдастырушылар алаң сыятын адам санын ескермей, көбірек билет сатқан. Ал адамдарға "орын жоқ" деп айтты. Қақпаны ақыры ашқан кезде ақшаға сатып алған аумаққа кіріп, орынға жайғасу мүмкін болмады. Көрерменге құрметсіздік, қауіп", - делінген жазбада.

    Смотреть в Threads

    Жазба астына Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жауап жазған.

    "2026 жылғы 10 қазанда жедел жәрдем бригадасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде жарақат алған 18 жастағы қызды ауруханаға жеткізді.

    Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, жағдайы мамандар бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

    Ведомство өзге зардап шеккендер туралы ақпарат бермеді.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Шымкент қаласы полиция департаментіне хабарласты.

    "Жағдайы ауыр": Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті кезінде 18 жастағы қыз зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram