jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды (видео)

    Қоқыстан табылған қару
    Қоқыстан табылған қару. Кадр видеодан: instagram.com/almaty.police

    Алматыдағы тұрғын үй алабында қоқыс контейнерінің маңынан мылтық табылды. Полиция қару қоқысқа қалай түскенін анықтады, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй алабындағы қоқыс контейнерінен мылтық табылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті.

    Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркілеп, оны кім лақтырғанын анықтады.

    "Тіркелген мылтық жеке қоймада сақталғаны белгілі болды. Оның иесі Астанада тұрады, ал қойманы оның күйеу баласы сатып жіберген. Жаңа иелері үй-жайды қоқыстан тазарта бастағанда, қару да қоқысқа лақтырылған", - деді полициядағылар.

    "Енді осы іске қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде мылтықты тиісті деңгейде сақтауды қамтамасыз етуге міндетті болған иесі мен оны лақтырып жіберуге жол берген ер адамның әрекеті де қаралады", - деп қосты полиция өкілдері.

    Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram