jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қайрат Нұртастың концертінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болғаны рас па: тиісті орган жауап берді

    Қайрат Нұртас кешіндегі кептеліс
    Қайрат Нұртас кешіндегі кептеліс. Кадр: instagram/v.shymkente

    Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде тараған бірнеше адамның көз жұмғаныы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    "Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында.

    Сонымен қатар Шымкент қаласының Полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланым жасамас бұрын олардың анық-қанығын тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады", - делінген хабарламада.

    Қайрат Нұртастың концертінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болғаны рас па: тиісті орган жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram