jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Басына пакет кигізіп үйден алып шығарған: Алматыда 61 жастағы адам кісі қолынан қаза тапты

    бейнебақылау камерасы
    Бейнебақылау камерасынан алынған жазбадан кадр: t.me/qumash_kz

    Алматы қаласы полиция департаменті басына пакет кигізілген ер адамның көпқабатты тұрғын үйден шығарылғаны түсірілген видеоға қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде екі жігіттің тұрғын үйге кіріп, өзара сөйлесіп тұрғаны түсірілген видео тараған. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына асып алып шығады. Полиция кеше, 11 қазанда үш күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.

    Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында тың мәлімет жариялады. 61 жастағы қала тұрғынын өлтіру дерегі бойынша төрт адам ұсталды.

    "Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғы анықталды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп нақтылады полиция.

    Тергеумен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел-тергеу тобы айналысып жатқаны атап өтілген. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

    Басына пакет кигізіп үйден алып шығарған: Алматыда 61 жастағы адам кісі қолынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram