jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды: күдікті ұсталды (видео)

    Жол жиегінде әйелдің денесі табылды
    Жол жиегінде әйелдің денесі табылды. Кадр: КТК телеарнасы

    Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды. Оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін, күдікті ұсталды. Бұл туралы КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарна мәліметінше, Лисаковск қаласының 35 жастағы тұрғынын жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер қанға боялған күйі тапқан – сол сәтте әйелдің өмірі үзіліп кеткен еді. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу оны қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

    Полиция ьірнеше сағаттан кейін 42 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстады. Қазір тергеушілер апаттың қалай болғанын және жүргізушінің әйелді құтқару мүмкіндігі болған-болмағанын анықтап жатыр.

    "Көлік Қостанай қаласынан жедел түрде табылды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қостанай облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.

    Дереккөз: КТК

    Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды: күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram