jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тікелей эфирде балағат сөз айтқан түркістандық әйел жазаланды

    Құжат ұстап тұрған полиция қызметкері
    Құжат ұстап тұрған полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

    Түркістан облысында әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы «Ғашықтар» аккаунтында жарияланған тікелей эфирден құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

    Эфир кезінде әйел өзге азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын бұзған.

    Тексеру нәтижесінде оның Ордабасы ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, әрекетіне құқықтық баға берілді.

    Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция әлеуметтік желіде назар аудару мақсатында әдепсіз әрекеттер жасауға, өзге азаматтарды қорлауға және балағаттауға жол берілмейтінін ескертеді.

    Тікелей эфирде балағат сөз айтқан түркістандық әйел жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram