jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатын алған әйел қаза тапты

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ПД

    Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатының салдарынан әйел қаза тапты. Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстың себептері анықталып жатыр.

    Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

    Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатын алған әйел қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram