jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жолаушыға интим қызмет ұсынған: Астанада такси жүргізушісі жазаланды

    Такси
    Такси. Фото: pixabay.com

    Астанада жолаушыға әдепсіздік танытқан такси жүргізушісіне қатысты үкім шықты. Бұл туралы елордалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Істің мән-жайын Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты баяндап берді.

    "11 қазанда сағат 07:00 шамасында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам жолаушыға интим қызмет ұсынып, қорлап тиіскен. Осылайша ол айналадағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды", - деді соттағылар.

    Сот жүргізушіге қатысты істі ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қарады.

    Оның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, кінәсін мойындау туралы жауабымен, полиция инспекторының рапортымен, сондай-ақ жәбірленушінің түсініктемесімен расталады.

    Кінәсін мойындауы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде танылды, ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

    Сот қаулысымен К.-ға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - деп түйіндеді сотта.

    Жолаушыға интим қызмет ұсынған: Астанада такси жүргізушісі жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram