jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда 35 бала түн ішінде ата-анасының қарауынсыз жүрген

    Бала жүзін жасырып жерге қарап тұр
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда бір түнде заңды өкілсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 35-тен астам кәмелетке толмаған бала анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

    "Түнгі уақытта балалардың көшеде ересектердің қарауынсыз жүруі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Бір түннің өзінде Алматының Медеу ауданында ата-анасы немесе заңды өкілінсіз жүрген 35-тен астам кәмелетке толмаған бала анықталды.

    Олардың ата-анасына қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Баланың қауіпсіздігіне, ең алдымен, ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты.

    Жыл басынан бері Медеу аудандық полиция басқармасына түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 1 796 бала жеткізілген", - делінген хабарламада.

    Полиция қызметкерлері қала аумағында түнгі рейдтерді жалғастырып жатыр. Негізгі мақсат – ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қылмыс құрбаны болуына жол бермеу.

    Алматыда 35 бала түн ішінде ата-анасының қарауынсыз жүрген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram