Семейде 20 жастағы бойжеткеннің өлімі: күдікті 20 жылға сотталды
Жарияланған күні:

Семейде бойжеткеннің өліміне қатысты сот үкім кесті. Судья сотталушыны 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол қара жамылған отбасыға 21 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда жалғыз перзентінен айырылған ата-ана сот үкімімен келіспей отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қанды оқиға 13 шілдеде Бородулиха ауылында болған еді. Жігіті көшенің қақ ортасында қаршадай қызға 16 жерден пышақ салып өлтірген.
Бүгін қоғам наразылығын тудырған бойжеткен өліміне қатысты сот үкімі шықты. Судья күдіктіні 14 жылға бас бостандығынан айырды.
"Қылмыстық іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-тармағымен түсті. Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады", - деді судья Нияз Хасенбаев.
Сондай-ақ сотталушыны жалпы сомасы 21 млн 669 мың 600 теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.
Ал сот залында көз жасына ерік берген марқұмның туыстары апелляциялық шағым түсірмек. Себебі, олар күдіктіге қатысты жүргізілген тергеуге көңілі толмайтынын айтады.
Тіпті сот отырысында да сараптамада көрсетілген ауыр бас жарақаты қандай затпен жасалғаны жұмбаққа айналды, дейді олар.
"Бұл жерде біз сарапшыны сотқа шақырғанда, қан тамырын кескенде адам 7-8 минут қана есін біледі екен. Ол айтып тұр: бірінші мойнына пышақ салдым деп. Бұл жерде олай емес. 32 метр сүйреген, екі жерде қан ізі қалған. Сол кезде қалай есі болады? Ол, бірінші, Дильназді артынан ұрған. Содан кейін барып, қыз есінен танған кезде сүйреген", - дейдң марқұмның әкесі Сабыржан Темірхан.
Жалпы жиыны қыздың денесіне 16 мәрте пышақ салынғаны анықталды. Енді марқұм қыздың ата-анасы қылмыстық істің қайта саралануын қарастырмақ.
Дереккөз: КТК
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442229-semeide-20-zhastagy-boizhetkenning-olimi-kudikti-20-zhylga-sottaldy/