jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 194 млн теңгені заңсыз алу схемасы әшкереленді

    Жүкті әйел
    Жүкті әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте жалпы сомасы 193,8 млн теңге болатын әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасы әшкереленді. Іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкент прокуратурасы 43 жүкті әйелді жалған жұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын анықтады. Келтірілген шығын – 193,8 млн теңге.

    "Әйелдерді жеке кәсіпкерлердің қызметкері ретінде рәсімдеген, алайда олар іс жүзінде онда жұмыс істемеген. Кәсіпкерлердің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, схеманы ұйымдастырушы алдыңғы кезеңдер үшін зейнетақы жарналарын аударып, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттар дайындаған", - деді қадағалау органындағылар.

    Шымкент прокуратурасының мәліметінше, қаражатты алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы жарналары қате аударылды деген сылтаумен қайтарылып отырған. Осылайша жұмысқа орналасу туралы жалған мәліметтер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшаны заңсыз алуға негіз болған.

    Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодексінің 74-бабын қолдана отырып, жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

    Шымкентте жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 194 млн теңгені заңсыз алу схемасы әшкереленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram