Астанадағы балабақшада балаларға күш көрсету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға күш көрсеткені туралы видео тарады. Оқиғаға қатысты білім басқармасы мен елорданың полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кадрлар Threads желісінде жарияланған. Онда балаларды орындыққа матамен байлап қойғаны байқалады. Сонымен қатар әйел адам бүлдіршіндердің бірінің басынан ұрады.
Автор тәрбиешінің балаларға қатыгездік танытқанына наразылық білдіріп, мұндай адамдардың балалармен қалай жұмыс істейтініне таңғалды.
Жарияланымға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсінік берді. Полиция өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Видеожазбаның 2025 жылдың қазанында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің аты-жөнін анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомстводан.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған мекеменің жекеменшік балабақша екенін мәлім етті.
Ведомство өкілдері видеоның былтыр түсірілгенін растады – қазір полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442487-astanadagy-balabaqshada-balalarga-kush-korsetu-faktisi-boiynsha-tergeu-zhurip-zhatyr/