Алматы облысында адам ағзасын саудалауға қатысты іс бойынша алты адам сотталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысында адам ағзаларын заңсыз саудалауға қатысты ісі бойынша үкім шықты. Алты адамға айып тағылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ҚАЖД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сот трансплантациялау үшін адам ағзаларын алуға қатысты заңсыз келісімшарттар бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар бүйрек трансплантациясы бойынша мәмілелерді ұйымдастыруға, донорлар мен ағзаны алушыларды іздеуге, сондай-ақ ақшалай төлемдер туралы келіссөздерге қатысқан.
Іс бойынша барлығы алты сотталушы болды. Сот талқылауы барысында мәмілелерді ұйымдастыру және оған қатысушылар арасында ақшалай қаражатты беру мән-жайлары қаралды.
Айыпталушылардың біріне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, төртеуіне – бас бостандығын шектеу, ал тағы біреуі – рақымшылық актісі негізінде жазасын өтеуден босатыла отырып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Шартты жаза алған тұлғалар Талғар аудандық пробация қызметінің есебіне алынды, ол сотталушылардың сот белгілеген талаптарды сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын бақылайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442490-almaty-oblysynda-adam-agzasyn-saudalauga-qatysty-is-boiynsha-alty-adam-sottaldy/