jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте жылқыны көлікке байлап жетектеген жүргізуші жауапқа тартылды

    Жылқы және көлік
    Жылқы және көлік. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Шымкентте полицейлер жолда көлікке байлаулы күйде жүгірген жылқының видеосына қатысты тексеру жүргізді. Көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, әлеуметтік желілерде Шымкентте жүргізушінің жылқыны көлікке байлап, жол бойымен жүгіруге мәжбүрлеген видеосы тараған.

    Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтаған. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталмаған.

    Тексеруден кейін азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылған.

    Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және оларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

    Шымкентте жылқыны көлікке байлап жетектеген жүргізуші жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram