jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысында екі шенеунік қызметінен айырылды

    шенеунік
    Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысында екі шенеунік құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізген.

    Талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан екі мемлекеттік қызметші анықталған.

    "Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған", - делінген хабарламада.

    Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

    Ақмола облысында екі шенеунік қызметінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram