jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Navai есімді рэп орындаушысы Қазақстанға кіреберісте ұсталды (видео)

    Navai
    Navai. Фото: instagram/navaib

    Жамбыл облысында шетелдік Navai есімімен танымал орындаушы есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, шетелдік орындаушы есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған.

    "13 қазанда "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азаматты ұстады. Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді.

    Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

    Navai есімді рэп орындаушысы Қазақстанға кіреберісте ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram