jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды (видео)

    тапанша және пышақ
    Тапанша және пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда тапанша алып жүрген бар әйел ұсталды. Ол қаруды Есентай өзеніндегі қоршаудан тауып алғанын айтты. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды. Ведомство дерегінше, одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылған. Енді полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

    "Кешкі сағат бестер шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданы Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған. Тексеру кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленді.

    Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған", - делінген хабарламада.

    Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.

    Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram