Бүлдіршіндерді орындыққа байлап қойған: Астанада балабақшадағы видео бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:

Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі балаларды ұрған. Видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кадрлардан орындыққа матамен байлап қойған бүлдіршіндерді әйел адамның ұрғанын көруге болады. Сондай-ақ балалардың айқайы мен жылағаны естіледі.
Құзырлы орган тексеру жүргізіп, бейнежазбаның 2025 жылдың қазан айында түсірілгенін анықтаған. Тәрбиешінің көмекшісі полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді.
Зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды", – делінген Астана қаласының полиция департаментінің хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442814-buldirshinderdi-oryndyqqa-bailap-qoigan-astanada-balabaqshadagy-video-boiynsha-qylmystyq-is-qozgaldy/