jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында ер адамның көлігіне оқ атқандар ұсталды

    Тапанша
    Тапанша. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында үш адам бір кісіге топтасып шабуыл жасап, көлігіне оқ атқан. Оқиға Іле ауданы Қосөзен ауылында болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан оқ тиген көлікті байқауға болады. Жәбірленушінің кім екені және қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. Ал күдіктілер бірнеше сағат ішінде ұсталып, қамауға алынды.

    "Жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жанжалға қатысқан барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", - Алматы облысы полиция департаменті өкілдері.

    Дереккөз: КТК

    Алматы облысында ер адамның көлігіне оқ атқандар ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram