jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қызылордадағы полицейлер қуғыны 15 тәулік қамаумен аяқталды (видео)

    Жүргізушіні қуу сәті
    Жүргізушіні қуу сәті. Видеодан кадр: Қызылорда облыстық ПД

    Қызылордада полицийлер мас күйде Range Rover тізгіндеген 33 жастағы жүргізушінің соңынан қууға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қызылорда облыстық ПД-ның мәліметінше, тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабына бағынбай, көлікпен қашпақ болған мас күйдегі жүргізуші ұсталған.

    Оқиға 13 қазанда таңғы сағат 05:55 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен Range Rover автокөлігін тоқтату кезінде жүргізушінің әрекеті күдік тудырған.

    "Тексеру барысында 33 жастағы қала тұрғынының алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

    Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

    Қызылордадағы полицейлер қуғыны 15 тәулік қамаумен аяқталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram