jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҚМА: БҚО-да 251 млн теңге субсидия қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне үй сатып алынған

    ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгроСервис" ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.

    Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.

    "Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған.

    Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды", - делінген хабарламада.

    Агенттік тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

    ҚМА: БҚО-да 251 млн теңге субсидия қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне үй сатып алынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram