jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтаудағы аурухананың бас бухгалтері ондаған миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

    Есепші
    Есепші. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ақтауда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының бас есепшісіне бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, прокуратураның тексеруі нәтижесінде ауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалған.

    "Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

    Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген.

    Сот үкімімен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

    Сонымен қатар бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Ақтаудағы аурухананың бас бухгалтері ондаған миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram