Семейде баласын тірідей қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды
Жарияланған күні:

Семейде өз баласын тірідей қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бейкүнә баланы өмірге әкелген анасының да қылмысқа қатысы бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға биыл ақпан айында болған. Қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған шақалақтың денесі табылған. 21 жастағы қыз туған-туысынан жүктілігін жасырып, сәбиді үйінде босанған.
Кейін ол баланың өлі туғанын айтып ақталған. Бірақ сотта шақалақ суықтан үсіп өлгені, әкесінің қатысы бары анықталған.
Сондай-ақ қыз бен жігіт ішкі істер органында жұмыс істеген. Судья екеуін де шенінен айырды. Келіншекке екі жыл түрме жазасы тағайындалғанымен, ол рақымшылыққа ілінді. Ал 26 жастағы әкесі қалған өмірін енді түрмеде өткізеді.
"Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтесін. Қылмыстық кодекстің 49‑бабының 1-бөлігіне сәйкес, Советқазы полиция аға лейтенанты шенінен айырылсын.
Сотталған Советқазыға қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгерісссіз қалдырылсын", - дейді судья Нияз Хасенбаев.
Дереккөз: КТК
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2443309-semeide-balasyn-tiridei-qoqys-zhashigine-tastagan-ake-omir-boiyna-sottaldy/