jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Әкем күйген жоқ, тірідей пісті": Ақтөбе облысында шойын жолдың бойында екі жұмысшы күйіп қалды

    Бензин құйып жатқан адам
    Бензин. Иллюстрациялық фото: Hammerschmidt/picture alliance via Getty Images

    Ақтөбе облысында шойын жолдың бойында бензин құйып жатқан екі жұмысшы күйіп қалды. Қазір екеуі де Шалқар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    "ҚТЖ" "ҰК" АҚ магистральдық желі дирекциясының баспасөз қызметі аталған жайтқа пікір білдірді.

    "Күнделікті нұсқаулықтан өткеннен кейін қызметкерлер 200 литрлік бөшкеден бензин қалдығын төгу туралы тапсырма алған. АИ-92 маркалы бензинді құю кезінде от кенет тұтанған. Осы оқиғадан екі қызметкерді түрлі дәрежедегі термиялық ауыр күйік шалды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

    Оқиға "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарасты Шалқар ауданындағы орман алқабында болған. Жансақтау бөлімінде жатқан жұмысшылардың жағдайы ауыр.

    Туыстарының айтуынша, оқыс оқиға туралы бірнеше сағат өткеннен кейін ғана білген. Шойын жол мекемесіндегілер кеш хабарласыпты. Сондай-ақ Жұбандық Дүйсенбаевтың жанармай төгу жұмысын атқаруға міндетті болмағанын айтады. Себебі ол жүргізуші екен.

    Енді бензиннің неліктен тұтанғаны, қауіпсіздік талабының сақталған-сақталмағаны және жұмысқа кім жауапты болғаны анықталуы керек. Қазір арнайы комиссия жазатайым оқиғаны тергеуге кірісті.

    "Әкем қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Күйген, қасы, кірпігі жоқ. Көзі де күйген деп дәрігер айтып жатыр. Оттегімен және ауырсынуды басатын дәрінің көмегімен жатыр. Ол әлі сезбейді. Әкем күйген жоқ, тірідей пісті, шыбын жаны шырқырап", - дейді зардап шеккен Жұбандық Дүйсенбаевтың қызы Алмагүл Қасымова.

    Дереккөз: КТК

    "Әкем күйген жоқ, тірідей пісті": Ақтөбе облысында шойын жолдың бойында екі жұмысшы күйіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram