jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алтын қазып жүрген: Ақмола облысында шахтада екі адам қаза тапты

    Шахта
    Шахта. Иллюстративное фото: tifonimages/Getty Images

    Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде заңсыз алтын іздеген екі адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    "Қазақалтын" кәсіпорнына қарасты "Новая" шахтасында орын алған қайғылы оқиға кезінде кен опырылып, 41 жастағы ер адам қалып қойып, қаза тапты. Ауыр жарақатпен кен астынан шығарылған екінші адамның жағдайы мүлде ауыр болды.

    Артынша, бүгін таңертең сол шахтадан тағы бір заңсыз алтын іздеушінің мүрдесі табылды. Кәсіпорын өкілдері бұл аумақтарда ешқандай жұмыс жүргізілмейтінін, заңсыз кірушілер жасырын жолдарды пайдаланатынын айтады.

    Өкінішке қарай, бұл жыл басынан бері шахталарға заңсыз кірген 322 адам жауапқа тартылып, тоғыз адам қаза тапқаны тіркеліп отыр.

    Алтын қазып жүрген: Ақмола облысында шахтада екі адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram