jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сот Қазақстанда заңсыз жүрген шетел азаматына өз еркімен елден шығып кетуі үшін 5 тәулік берді

    ер адам
    Күту залында отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматы облысында шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін соттан айыппұл салуды ғана сұраған, алайда сот оны елден шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысы соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Еңбекшіқазақ ауданының №2 соты шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігі).

    2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Шелек ауылында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында Қазақстанға 2026 жылғы 19 наурызда жұмысқа орналасу мақсатымен келген және заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт бойы елден шықпай жүрген шетелдік анықталды.

    Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Ол құжаттарды уақытылы заңдастыру қажет екенін білмегенін айтып, істеген ісіне өкінетінін және соттан айыппұл салуды ғана сұраған.

    Аталған баптың санкциясы бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе елден шығарып жіберу түріндегі жаза қарастырылған.

    Жаза тағайындау кезінде сот оның өкініш білдіруін жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Алайда құқық бұзушының тұрақты табысының, Қазақстанда жақын туыстарының жоқтығын, сондай-ақ елде заңсыз ұзақ жүргенін ескере отырып, сот Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындау туралы қаулы етті.

    Құқық бұзушыға өз еркімен шығып кету үшін 5 тәулік мерзім берілді.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Сот Қазақстанда заңсыз жүрген шетел азаматына өз еркімен елден шығып кетуі үшін 5 тәулік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram