Ақтөбеде әйел адамның өліміне қатысты тың деректер белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе орталығында бейнебақылау камерасына әйел адамның кісі қолынан қаза тапқан сәті түсіп қалған. Тілшілер қылмыс орнына барып, тың деректерді анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон-ға" сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 қазанда болды. Үй ауласындағы бейнебақылау камерасы ер адамның орындықта отырған әйелге жақындағанын, ал әйел одан құтылып шықпақ болғанда, артынан қуып жетіп, арқасына пышақ сұққанын түсіріп алған. Оқиға салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Кісі өлімі Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында болғаны анықталды. Аула бейнебақылаумен, күзетпен жабдықталған, кіреберісінде шлагбаум орнатылған. Қайтыс болған әйел қылмыс болған үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істеген.
Тротуар плиткасында әлі күнге дейін қан іздері байқалады, оларды жуып тастауға тырысқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2443491-aqtobede-aiel-adamnyng-olimine-qatysty-tyng-derekter-belgili-boldy/