jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада телефонға алаңдап, жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сот алдына келді

    Водитель автобуса
    Водитель автобуса. Иллюстративное фото: pexels.com

    Астанада телефонға алаңдап, жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бас прокуратураның мәліметінше, елордада телефонға көңілі ауып кеткен автобус жүргізушісі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін сотталған.

    "Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

    Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді", - делінген хабарламада.

    Сот үкімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Астанада телефонға алаңдап, жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сот алдына келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram