jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қызылордада көлік қағып, көз жұмған бес айлық сәби әлем чемпионының жақын туысы болып шықты: спортшы мәлімдеме жасады

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: t.me/kriminal_kazakhstan

    Қызылордада әйел мен баланы көлік қағып, салдарынан бес айлық сәбидің өмірі үзілді. Қайғылы жайтқа тап болған отбасы каратеден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбайдың туысы болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық спортшының айтуынша, зардап шеккен адам – оның жеңгесі, яғни туған ағасының әйелі.

    "Оларды 13 қазанда шамамен сағат 17.20-да көлік қағып кетті. Олар Шанхай шағын ауданындағы Күлтекенов көшесінде серуендеп жүрген. Ол жерде тротуар жоқтың қасы. Олар жолдың жиегімен жүрген.

    Көлік бұрылған кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, оларды жоғары жылдамдықпен келе жатып қағып кетті. Бала ауруханада қайтыс болды. Жеңгемнің денесінде жарақат өте көп, бұғанасынан бастап өкшесіне дейін сол жақ тұсы түгел сынған, қан құйылу, терең шок, жағдайы өте ауыр.

    Бізге белгілісі, жүргізушінің өзі жүргізуші куәлігінен айырылған және әйелінің көлігін айдап жүрген. Үшінші тәулік өтіп жатыр, ал полиция бір адамды таба алмай отыр. Ол 26 жаста, жеке басы анықталған. Әйелі, ата-анасы, мекен жайы - бар белгілі. Камералар бәрін түсіріп алған. Біз жүргізуші жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз. Әділдікке қол жеткізгіміз келеді", - деді Мөлдір Жаңбырбай.

    Қызылорда облыстық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне қосымша ақпарат пайда болған кезде хабарлайтынын айтты.

    Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай – қазақстандық каратеші, 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

    Қызылордада көлік қағып, көз жұмған бес айлық сәби әлем чемпионының жақын туысы болып шықты: спортшы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram