Астанада мас ер адам лифтіні бүлдіріп, бөтен пәтерге кіріп кеткен
Жарияланған күні:

Астанадағы "Айбике" тұрғын үй кешенінде мас күйдегі ер адамдардың бірі қоғамдық тәртіпті бұзып, лифтіні бүлдірген, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол балалар арбасын құлатып, кейін оны дәретхана ретінде пайдалануға әрекеттенген. Бұдан соң ер адам бөтен пәтерге кіріп кеткен. Тұрғындар оны күштеп сыртқа шығарып, бұзақылығын тоқтатуға мәжбүр болған.
Аталған оқиғаға байланысты полиция 27 және 30 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін де жауапқа тартылды.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекет заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2443821-astanada-mas-er-adam-liftini-buldirip-boten-paterge-kirip-ketken/