jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Граната, оқ-дәрі, мылтық: Алматыда қару-жарақ жасырылған орын анықталды (видео)

    Қару
    Қару. Видеодан кадр: Алматы ПД

    Алматыда жеке сектордан қару-жарақ жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды тапты.

    Жасырын орын жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақта "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды", - делінген хабарламада.

    Полицияның мәліметінше, Астрахан көшесіндегі үйлердің бірінің маңында, жол бойынан ТОЗ-25 тегіс ұңғылы мылтығы табылған. Ол кесілген мылтыққа айналдырып қайта жасалған. Сондай-ақ тапаншаға ұқсас зат пен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылған.

    Бұдан бөлек, жарық-дыбыс гранаталарын қоса алғанда, бірнеше граната мен қауіпті болуы мүмкін өзге де заттар тәркіленген.

    "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар тиісті зерттеуге жіберілді. Полиция қарудың қайдан келгенін, қалай сақталғанын және оған кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

    Граната, оқ-дәрі, мылтық: Алматыда қару-жарақ жасырылған орын анықталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram