Қарыз – 50 млн теңге: Алматыдағы колледждердің бірінде студенттерге шәкіртақы төленбей келген
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы прокуратурасы студенттердің құқығын қорғап, тиесілі шәкіртақысының төленуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды қадағалау органына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Алматы прокурорлары Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқықтары бұзылғанын анықтаған.
Студенттер мемлекеттік шәкіртақы мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 млн теңге болған.
"Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелді, 676 студенттің құқықтары қалпына келтірілді", - деп мәлім етті прокуратура.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2444318-qaryz-50-mln-tengge-almatydagy-kolledzhderding-birinde-studentterge-shakirtaqy-tolenbei-kelgen/