13 Қытай азаматы Қазақстаннан шығарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҰҚК заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҰҚК-нің мәліметінше, тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталған.
Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, Starlink спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған.
"Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды", - делінген хабарламада.
16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2444426-13-qytai-azamaty-qazaqstannan-shygaryldy/