jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Полиция Тараздан Астанаға ұшатын ұшаққа тексеру жүргізді: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

    Ұшақ бортындағы тексеріс
    Ұшақ бортындағы тексеріс. Кадр: instagram.com/v_shymkente

    Желіде Тараз – Астана бағытындағы ұшақ бортында полиция қызметкерлері жүрген видео тарады. Көліктегі полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде полиция қызметкерлері ұшақ салонында тінту жүргізіп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бейнеролик авторы жолаушы ұшудан бас тартқаннан соң тексеру жүргізілгенін және рейс кешіккенін айтқан.

    Көліктегі полиция департаменті ер адам ұшаққа отырғызу кезінде бортсерікке жүгініп, отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатынын хабарлағанын түсіндірді.

    "2026 жылғы 18 қазанда Тараз – Астана бағытындағы рейспен ұшатын әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу кезінде азаматтардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатыны туралы өтініш білдірді. Осыған байланысты жолаушы мен оның багажын рейстен түсіру бойынша белгіленген рәсімдер жасалған

    Аталған жолаушының орындығы маңын тексеру барысында тыйым салынған заттар немесе заттар табылған жоқ. Сонымен қатар бұл оқиғаға байланысты әуе компания өкілдерінен немесе жолаушылардан полицияға ешқандай шағым немесе наразылық түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Полиция Тараздан Астанаға ұшатын ұшаққа тексеру жүргізді: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram