jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "100-ден астам": Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталды

    ұл
    Ұл бала. Көрнекі фото: Jon Challicom/Getty Images

    Абай облысының Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетілген. Прокуратура тексеру барысында 100-ден астам деректі анықтады, деп хабарлайды kazinform.

    Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын тексеруге кірісті.

    Аягөз ауданындағы мекемені тексеру кезінде санитарлардың тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға күш көрсетіп, психологиялық қысым жасағаны анықталды.

    Сонымен қатар прокуратура мекеменің кейбір қызметкерлері заңсыз әрекеттерді көре тұра, олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбағанын әшкереледі.

    "Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", — делінген хабарламада.

    Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қатысы бар адамдар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, олардың балалармен байланысуына шектеу қойылды.

    Прокуратураның мәліметінше, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тексеру шаралары жалғасып жатыр.

    "100-ден астам": Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram