jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандықтардың Telegram мен WhatsApp-тағы аккаунттарын жаппай бұзу деректері тіркелді

    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Полиция қызметкерлері Telegram және WhatsApp аккаунттарын алаяқтар жаппай бұзып жатқанын ескертті. Солтүстік Қазақстан облысында қазірдің өзінде 14 дерек тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Саша Савенкоға дауыс берші" – соңғы екі аптада Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Telegram мессенджерінде таныстарынан осындай хабарламаны жиі ала бастаған.

    Мысал ретінде келтірілген есім – көптеген нұсқаның бірі ғана. Хабарламада "біздің қыз байқауға қатысып жатыр" делінген және "дауыс беру" үшін сілтеме қоса жіберілген.

    Егер сілтемені басып өтсеңіз, мессенджердегі акканут бұзылып, оны алаяқтар басқара бастайды. Ондағы барлық контактіге: "80 мың теңге салып жіберші, кешке қайтарамын", - деген сияқты хабарлама жіберіледі.

    Жауап беріп, не болғанын сұраған контактілерге алаяқ: "Кейін түсіндіремін, ақша шұғыл керек. Менің шотым бұғатталған, мына жерге аудар", - деп жазып, өз реквизитін жібереді.

    Бұл ретте мессенджердің нағыз иесі оған кіру мүмкіндігінен толық айырылады және өз атынан қандай хат-хабар алмасып жатқанын білмейді.

    "Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, СҚО-да осындай схема бойынша алаяқтықтың 14 дерегі тіркелді. Кез келген мессенджер, соның ішінде танымал WhatsApp та осал болуы мүмкін. Мынаны білу маңызды: танысыңыздың қосымшасы бұзылған болуы мүмкін. Адамға қаншалықты сенсеңіз де, егер ол сілтеме жіберсе, кәдімгі телефон арқылы қоңырау шалып, шынымен де осындай хабарлама жазғанын нақтылап алыңыз", - деп атап өтті СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов.

    Сондай-ақ "Мынаны қарашы, суреттегі сен емессің бе? Мұны қашан түсірдің?" деп танысыңыз жазса да, фотосуреттерді ашып көруге болатын сілтемелерге өту қауіпті. Сілтеме телефонды зиянды бағдарламамен зақымдауы мүмкін.

    Полицейлер сақ болуға және желідегі кез келген ақпаратты қайта тексеруге шақырды.

    Қазақстандықтардың Telegram мен WhatsApp-тағы аккаунттарын жаппай бұзу деректері тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram