jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада Threads желісі арқылы концертке жалған билет сатты деген күдікті ұсталды

    Концерт
    Концерт. Фото: Roc Canals/Getty Images

    Астана полициясы Threads желісі арқылы концертке жалған билеттер сату бойынша алаяқтық схемасын әшкереледі. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің ведомстволық медиа-порталының хабарлауынша, Астанада полиция қызметкерлері Threads желісі арқылы концертке билет сату арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен 20 жастағы ер адамды анықтады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті желіде билет сату туралы хабарландырулар жариялаған.

    "Сатып алушылар ақшаны аударғанымен, билеттерін алмаған. Қаражат күдіктінің танысына тиесілі банк шотына түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдемелер, соның ішінде хабарландыру жариялау және азаматтармен хат алмасу үшін пайдаланылған болуы мүмкін ұялы телефон тәркіленді", - делінген полиция хабарламасында.

    Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта келтірілген залалдың мөлшері, оқиғаның мән-жайы және ықтимал жәбірленушілер анықталуда.

    "Полиция азаматтарды желі арқылы билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырады. Ақша аудармас бұрын сатушының сенімділігін және хабарландырудың шынайылығын тексеру ұсынылады", - деп ескертті полицейлер.

    Астанада Threads желісі арқылы концертке жалған билет сатты деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram