jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін полиция Алматыдағы үш жоғары оқу орнын тексерді

    Қоршалған UIB ғимараты
    Қоршалған UIB ғимараты. Фото: t.me/qumash_kz

    Ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін полиция Алматыдағы үш жоғары оқу орнын тексерді. Құқық қорғаушылар жарылғыш құрылғылар туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Qumash арнасында Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан UIB университетінің ғимараты маңында түсірілген видео жарияланды.

    Видеодан ғимаратты лентамен қоршап жатқанын және студенттердің көшеде тұрғанын байқауға болады.

    NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, қаланың әртүрлі ауданында орналасқан үш жоғары оқу орнында жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен.

    "Алғашқы әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілді. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ғимараттар мен оған іргелес аумақтарға кешенді тексеру жүргізілді", - деп мәлімдеді полиция.

    Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмаған. Полиция өкілдері қауіпті заттардың табылмағанын айтты.

    Жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін полиция Алматыдағы үш жоғары оқу орнын тексерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram