jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды: ол бірнеше құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді

    күдікті
    Күдікті. Фото: x.com/TheKoreaHerald

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда ұсталған ел азаматына көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан азаматын Ичхон қаласында полиция ұстаған.

    "Оған бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану ережелерін бұзу сияқты бірнеше құқық бұзушылық бойынша айып тағылып отыр", - делінген хабарламада.

    Қазақстандық дипломаттар ұсталған азаматқа консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, мәселені бақылауда ұстап отырғаны атап өтілді.

    "Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, 29 шілдеде кешке болған оқиға туралы ақпарат Оңтүстік Корея БАҚ-тарында жарияланған. Жергілікті полицияның дерегінше, 21 жастағы қазақстандық 25 жастағы отандасымен бірге ішінде жүргізушісі мен жолаушысы бар жеңіл көліктің соңынан түскен.

    Содан кейін олар көліктің жолын бөгеп, ішіндегі адамдарға сес көрсеткен. Ер адамдардың бірі көліктің алдыңғы жағын тепкілеген. Болған жайт видеотіркеуішке жазылып қалған. 

    Қараңғы болғандықтан, күдіктілерді бірден анықтау мүмкін болмаған. Дегенмен қоғамдағы сыннан кейін 21 қыркүйекте полиция тергеуді белсенді түрде жүргізе бастаған. Криминалистикалық қызмет сарапшылары видеотіркеуіштегі жазба арқылы көлік нөмірінің бір бөлігін анықтай алған. Осыдан кейін полицейлер әлеуметтік желілерді зерделеп, күдіктілердің бірінің жеке басын анықтаған.

    Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды: ол бірнеше құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram