43 мың адам және 18 өңір: ҚМА мен ҰҚК ауқымды алаяқтық схеманы әшкереледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның 18 өңірінде микрокредит беру кезінде алаяқтық әрекетті әшкереледі. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, микрокредиттерді "Экспресс Займ" МҚҰ берген.
"Тергеу деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың тамызында ұйым ақылы кеңес беру қызметін енгізген. Оның құны қарыз сомасына қарай белгіленіп, қарыз алушының негізгі берешегіне қосылған.
Клиенттерге бұл қызметтің ақысын төлемейінше микрокредит ала алмайтынын немесе қарызды қайтару мерзімін ұзарта алмайтынын айтқан. Ал ақылы қызметтен бас тартуға болатынын жасырған.
Салдарынан қарыз алушылар қолына тиесілі сомадан аз ақша алғанымен, қарызды сыйақысымен қоса толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған", - делінген хабарламада.
ҚМА-ның мәліметінше, барлығы 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру қызметіне қатысты 181 мыңнан астам шарт жасалған.
Микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2445301-43-myng-adam-zhane-18-ongir-qma-men-uqk-auqymdy-alaiaqtyq-shemany-ashkereledi/