Алматыда шетел азаматшалары полиция назарына ілікті (видео)
Жарияланған күні:

Алматы қаласында боди-салонда интим қызметтер көрсетті деген күдікпен өзге мемлекет азаматшалары ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство дерегінше, Алматы қаласы Алмалы ауданында патрульдік полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланылған болуы мүмкін екі нысанды анықтаған.
"Біріншісі – Чайковский көшесіндегі үйде, екіншісі Төреқұлов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, екі нысан да боди-салон ретінде жұмыс істегенімен, онда интимдік қызмет көрсетілген.
Әр мекенжайдан екі қыздан анықталды. Барлығы – басқа жақтан келгендер. Олардың арасында Қарақалпақстан Республикасының бір азаматы бар", - делінген хабарламада.
Ұсталған төрт бойжеткен Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір олардың жеке басы анықталып, өзге құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сонымен бірге ведомство мұндай қызметке жол берген пәтер иелерінің әрекеті де назардан тыс қалмайтынын ескертті. Оларға құқықтық баға беріліп, тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2445354-almatyda-shetel-azamatshalary-politsiia-nazaryna-ilikti-video/