Қызылордада қылмыс жасады деген күдікпен бой тасалап жүрген тұрғынға іздеу жарияланды
Жарияланған күні:

Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қылмыс жасады деген күдікпен қолға түспей жүрген тұрғынға іздеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімі бой тасалап жүрген күдіктіге іздеу жариялады.
"01.07.2000 жылы туылған Великов Алексей Александрович. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыс жасады деген күдікпен бой тасалап жүрген азамат іздестірілуде. Бас шарасы: "Күзетпен ұстау".
Жоғарыда көрсетілген азамат туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қызылорда қаласы Полиция басқармасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары: 8 (7242) 27-77-01, 27-64-71, 29-75-07, 27-42-06, 29-75-69, 27-45-47", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2445363-qyzylordada-qylmys-zhasad-degen-kudikpen-boi-tasalap-zhurgen-kudiktige-izdeu-zhariialandy/