jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада тыйым салынған салмасы бар печенье тәркіленді: бес күдікті ұсталды (видео)

    Есірткі қосылған печенье
    Есірткі қосылған печенье. Видеодан кадр: Polisia.kz

    Астанада күштік құрылымдар есірткі таратты деген күдікпен бес ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, жалдамалы пәтерлерде 30 жастан асқан бес ер адамды ұстаған. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратты деген күдікке ілінген.

    Медиапорталдың жазуынша, қылмыстық сызба "ұйымдастырушы – буып-түюші – қоймашы – есірткі жасырушы" иерархиясы бойынша әрекет еткен. Фигуранттар тәулік бойы есірткі тұтынушыларды марихуана, гашиш, каннабис шайыры және тағы да басқа каннабис тобының есірткілерімен қамтамасыз еткен.

    "Ұсынылған ассортиментте каннабис шайыры салынған печеньелер болған. Әрқайсысының салмағы 100 граммнан болатын 238 дана ерекше кондитерлік өнім тәркіленді.

    Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 12 кг-ға жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 8 кг-нан астам марихуана, 1,5 кг гашиш және 2 кг каннабис шайыры тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

    Бұдан бөлек, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, ұялы телефондар, электронды таразылар, брикеттер, вакуумдау мен өлшеп-орауға арналған құрылғылар, түрлі-түсті оқшаулағыш таспалар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

    Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Күдіктілер қамауға алынған.

    Астанада тыйым салынған салмасы бар печенье тәркіленді: бес күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram