jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шетелге 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз шығарған: ҰҚК ірі схеманы әшкереледі

    Нысан
    Нысан. Видеодан кадр: youtube.com/knbgovkz

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз экспорттаумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы – Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан. Кейіннен бұл мұнай "Standart Petroleum" және "Mangystau Oil Refining" шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделіп, сапасы туралы жалған паспорттар рәсімделген.

    Одан әрі өнім пеш отыны деген желеумен Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған.

    ҰҚК-нің мәліметінше, "2019-2023 жылдар аралығында тек "Batys Nefte Trade" ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған.

    Биыл жүргізілген процестік іс-шаралар кешені аясында қылмыстық іс фигуранттарының активтері, сондай-ақ шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлік тәркіленген.

    Жалпы, заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне өндірілген.

    Бұған дейін Ақтау қалалық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес қатысушысы, оның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдерлік компанияның басшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 3-бөлігі және 262-бабының 2-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеу жарияланған.

    Шетелге 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз шығарған: ҰҚК ірі схеманы әшкереледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram