jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент мектептерінде 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні белгілі болды

    Кітаптар
    Кітаптар. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуратурасы оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету саласында жүйелі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, қаладағы мемлекеттік мектептерде 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні белгілі болды. Сонымен қатар 110 мыңнан астам тозған және пайдалануға жарамсыз кітап анықталды. Жалпы оқулық қорының шамамен 74 пайызы, яғни, 2 млн дана оқулық жаңартуды қажет етеді.

    Соңғы үш жылда оқушылар саны ескеріле отырып, кітап қорына түгендеу жүргізілмеген. Оқулықтарды жаңарту мерзімділігі сақталмаған, ал сатып алынған кітаптар мектептердің нақты қажеттілігін толық өтемеген.

    "Мәселен Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы бесінші сыныптарға арналған ағылшын тілі пәнінен 293 оқулыққа сұраныс бергенімен, небәрі 90 данасын алған. Соның салдарынан оқушыларға мұқабалары мен түптері бүлінген, кейбір парақтары жоқ, тозған оқулықтар берілген.

    Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 46 мыңнан астам оқушы қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кінәлі 73 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - дейді прокуратура өкілдері.

    Кітап қорын есепке алуды ретке келтіру мақсатында қала әкімдігі Alaqan электрондық кітапхана жүйесін енгізді. Бұл шара оқулықтарды есепке алуды және мектептердің оқу әдебиетіне қажеттілігін жоспарлауды жетілдіруге бағытталған.

    Шымкент мектептерінде 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram